12.07.2025, 10:30

Білім гранты конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды

Фото: edu.com

Білім беру гранттары конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ нәтижелері бойынша келесі шекті баллдар белгіленген.

2025 жылғы 13 шілде мен 20 тамыз аралығында талапкерлерден гранттар конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданады. Құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы (кез келген жақын орналасқан ЖОО-да) тапсыруға болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын, 3×4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері үшін диплом) тапсыру керек. Сондай-ақ жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынылады.

ҰБТ шекті баллдары

Білім беру гранттары конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ нәтижелері бойынша келесі шекті баллдар белгіленген:

«Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» бағыттары бойынша — кемінде 75 балл;

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» бағыты бойынша — кемінде 70 балл;

ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін — кемінде 65 балл;

басқа жоғары оқу орындарына түсу үшін — кемінде 50 балл;

Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне түсу үшін — кемінде 50 балл.