Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Арман Тәженовке қатысты үкім шықты.
37 жастағы семейлік Арман Тәженов атты азамат өзін Ұлттық қауіпсіз қызметінің төрағасының тусымын деп таныстырып, танымал скрипкашы Айман Мұсаходжаевадан бұрынғы лауазымын қайтарып бергені үшін 200 доллар сұраған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Арман Тәженовке қатысты үкім шықты. Ол алаяқтық “кәсібін” 2024 жылы бастаған. Ол Шымкентте Ұлттық қауіпсіздік қызметі Шекара қызметінің бұрынғы қызметкерімен танысқан. Ол адам ұнамсыз себептерге байланысты жұмыстан шығып қалған екен. Бірақ бұрынғы қызметіне қайтып орналасқысы келетінін жеткізген.
Арман Тәженов жаңа танысына өзін ҰҚК төрағасының жиені ретінде таныстырып, бұл мәселені шешуге болатынын, бірақ ол үшін қомақты қаражат керек екенін айтқан. Бұрынғы шекеара қызметкері куәгердің көзінше оған 10 мың доллар қолма-қол ақша ұстатқан. Арада бірнеше ай өткен соң Тәженов байланысқа шығып, қаражаттың жетпейтінін, тағы 2 миллион теңге қосу керегін айтқан. Ер адам қуанып кетіп, бірден банк терминалынан қалған ақшаны аударып жіберді. Ақыры ақшадан да, қызметтен де айырылды.
Сөйтіп жүргенде Тәженовке тағы бір тапсырыс түседі. Бұл жолы ол Ұлттық өнер академиясының бұрынғы ректоры, әйгілі скрипкашы Айман Мұсаходжаеваны қызметіне қайта орналастыруға көмектесемін деп сендірген. Айман Мұсаходжаева аталған жоғары оқу орнын 1998 жылдан бері басқарған. Алайда 2024 жылдың басында зейнетке шықты. Сөйтіп оның жұбайы, кәсіпкер әрі меценат Асқар Бекбаев әйелін қызметке қайта орналастыру үшін Тәженовке 200 мың доллар берген. Делдал бұл соманың жартысын Алматыдағы Тәженовке жеткізді. Арада біраз уақыт өткен соң, ол тағы да байланысқа шығып, қосымша 100 мың доллар сұрайды. Алаяқпен байланыста болған делдал ақшаны бірден бере алмай, кепіл ретінде өз көлігін уақытша Таженовтің атына рәсімдеуді ұсынады.
Бірақ соңында ақша да, лауазым да жоқ. Айман Мұсаходжаева Өнер академиясына оралмады. Кейін зардап шеккендер құқық қорғау органдарына жүгінді.
Арман Таженов 2024 жылдың қарашасында ұсталып, қамауға алынады. Ол кінәсін мойындап, келтірілген шығынды өтеген. Сондықтан судья Құралай Дарханова оған жеңіл жаза тағайындап, 4 жыл шартты жаза кесті. Үкім заңды күшіне енген жоқ.