12.07.2025, 19:30

Павлодарда құбыр тазалап жүрген жұмысшы көз жұмды

Фото: ТЖМ

Оқыс оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Павлодарда көшедегі құбырды тазалаған жұмысшы қаза тапты. Абайсызда болған өлімге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Болжаммен, 12 шілде күні таңертең Н. Назарбаев даңғылы, 17/1 мекенжайы бойынша ЖШС бірінің қызметкері нөсер кәрізінде құбырларды тазалау кезінде басынан алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Жұмысшы қорғаныш каскасыз болған.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/263875-pavlodarda-qubyr-tazalagan-zumyssy-qaza-tapty