2016 жылы туған жасөспірім дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
ПД мәліметінше, оқиға 13 шілде күні түнгі сағат 01:17 шамасында тіркелген.
2016 жылы туған жасөспірім дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның жағдайы туралы нақты мәлімет берілген жоқ.
Электрлі мотоциклдің иесі – 1985 жылы туған ер адам. Оқиға орнында жүргізілген медициналық сараптама оның қоғамдық орында мас күйде болғанын анықтады. Нәтижесінде оған ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды, - делінген полиция хабарламасында.