$ 526.5  611.64  6.72

Руслан Желдібай тағы бір басшылық қызметке тағайындалды

Бұл туралы Руслан Желдібай өзінің Facebook парақшасында жазған.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай тағы бір қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұдан былай ол Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру бойынша комиссиясының директоры лауазымын қоса атқарады.

Бұл туралы Руслан Желдібай өзінің Facebook парақшасында жазған. Айтуынша, бұл – қоғамдық қызмет.

«Дзюдоны елімізде дамыту бағытында біраз жұмыс атқарылып жатыр. Әлі де мәселе жетерлік. Дзюдоны кеңінен дамыту үшін арнайы академия, ал аймақтарда орталықтар қажет болып тұр. Халықаралық ынтымақтастықты да арттырамыз. Осы іске барынша өз үлесімді қосамын», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Еске салайық, Қазақстандағы дзюдо федерациясын Қуанышбек Есекеев басқарады. Ол – Қазақстан президентінің кеңесшісі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары