$ 525.87  614.37  6.72

«Сасық су ішіп отырмыз»: Қарағандылықтар дабыл қақты

Олардың айтуынша, ауылда су тәулігіне бар болғаны екі сағатқа ғана беріледі.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

 

Қарағанды облысындағы Саяқ ауылының тұрғындары ауыз судың сапасына шағымданды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олардың айтуынша, ауылда су тәулігіне бар болғаны екі сағатқа ғана беріледі.

Ал берілген судың өзі кейде ішуге жарамсыз, иісі сасық және түсі лай.

Ауыл тұрғындары су құбырына кәріз суы араласып кеткен болуы мүмкін деп болжап отыр.

Қазір бұл жағдайға қатысты жергілікті билік пен тиісті мекемелер түсініктеме берген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары