$ 532.74  617.23  6.77

Перизат Қайрат сотында Димаш Құдайбергеннің есімі аталды

Айыпталушы Перизат Қайрат «ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау үшін ұйымдастырылатын фестивальге» 10 миллион теңге бөлуді ұсынған.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Перизат Қайрат ісі бойынша өткен сот отырысында күтпегенде Димаш Құдайбергеннің аты аталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мемлекеттік айыптаушы Арман Кизикеннің айтуынша, айыпталушы Перизат Қайрат «ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау үшін ұйымдастырылатын фестивальге» 10 миллион теңге бөлуді ұсынған.

Сотта куәлік берген «Скиф Трейд» ЖШС өкілі Максим Абдуразаковтың сөзінше, Перизат Қайрат оны осы фестивальге демеуші болуға шақырған. Айтуынша, шараның басты жұлдызы – Димаш Құдайберген болатыны айтылған.

Арман Кизикен бұл эпизодты жариялап отырып: «Әңгіме 10 миллион теңге туралы болған және іс-шараның хедлайнері ретінде Димаш Құдайберген көрсетілген», – деді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 38
Күлкілі 1
Ашулы 11

Серіктес жаңалықтары