"Сот 15 күннің ішінде түсіруге болатынын айтты".
6 жылға сотталған Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың ағасы Нұржан Тәшкенбайұлы сот үкіміне қатысты шағым түсіретінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
«Сот үкіміне қатысты шағым түсіреміз. Сот 15 күннің ішінде түсіруге болатынын айтты», - дейді Нұржан Мамаш.
Оның айтуынша, балалармен араласуға әкесінен басқа туыстарына рұқсат жоқ.
«Каринаға жақындай да алмаймыз. Қарындасым оған хат жазған еді. Балалардың болашағын ойла, Сәкен түрмеге отырмаса көмектеседі деп айтқан. Кеше сот отырысында мені қорқытты деп отыр», - дейді ол.