$ 533.61  621.07  6.78

Ақтау әуежайындағы автотұрақта жаппай төбелес орын алды (ВИДЕО)

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын полиция растады.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Ақтаудағы әуежайдың автотұрағында болған жаппай төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын полиция растады.

Желіде жарияланған кадрларда кем дегенде үш адамның бір адамға жабыла кеткені көрінеді.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, оқиға 2025 жылдың 23 маусымында болған. Алайда оның видеосы әлеуметтік желіге бүгін ғана тарады.

Полицияның мәліметінше, жанжалға қатысы бар барлық азамат анықталып, жауапкершілікке тартылған.

Ведомство мәліметінше, төбелеске қатысқан үш адамға қатысты ҚР ҚК 293-бабы – "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары