Бәсеке сияқты, ана қатын былай киінсе, мен былай киінемін деген.
"Перзент" балалар үйінің жетекшісі, 35 баланы асыраған Әмина қажы Әжібаева қазақ әйелдеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қажы апа белгілі журналист Жанар Байсемізге сұхбат берген.
«Тағы бір айтатыным, мына біздің қыздар, тұрмысқа шыққан қыздар, екіқабат болғанда аяңдар өздеріңді. Неге көп аурушаң балалар туып жатыр? Неден деп бір уақыт ойладыңдар ма? Соны бір дәрігер болсын зерттеді ме?
Дәрігердің иманы жоқ, ол ислам дінін танымаса, ол қалай зерттейді? «0» болып кеттік ұяттан. Әй дейтін әже жоқ, әжеліріміз лосинамен жүреді. Жасы келген әйел сәйкесінше киіну керек, үйде қыздарына үлгі болу керек. Сонда ғана: «Әй, қыз! Мынау үстіңдегі не киім, ата-бабамыз мынадай киімді киген бе?» деп айта алады.
Өзінің омырауы ашық, мынадай «лямка» киіп алса, ол киімдері салбырап түсіп кетеді. Сонда біздің көрсететін неміз қалды?
Бәсеке сияқты, ана қатын былай киінсе, мен былай киінемін деген. Ендеше шенініп, көшеге шығып кет. Өздері құдайдың алдында жауап береді, ұрым-бұтақтары дұрыс болмайды. «Тоқтат, үстіңді жап» деп айта ала ма, өзі ашық жүрген кемпір?", - деп ашынды апа.