$ 541.93  636.71  6.83

«Бала қансырап қалған»: Атыраудағы балалар ойын алаңында оқыс жағдай орын алды (ВИДЕО)

Қазір балаға медициналық көмек көрсетілуде.

Фото: крыша
Фото: крыша

Атыраудағы Махамбет пен Исатай атындағы алаңда балаларға арналған ойын алаңында ауыр жағдай тіркелді. Үлкен жастағы балалар кішкентайларға арналған әткеншекке отырып алып, қатты серпігенде, жанынан өтіп бара жатқан кішкентай баланы соғып, ауыр жарақаттады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Куәгерлердің айтуынша, кішкентай бала әткеншектің алдынан жүгіріп өткенде, әткеншекпен соғылып, басынан қатты жарақат алған. «Жанында тұрғандар үлгермей қалды, бала қансырап қалды», – дейді оқиғаға куә болғандар.

Қазір балаға медициналық көмек көрсетілуде.

Желіде бұл жағдай қоғамның ашуын туғызды. Көпшілік ойын алаңдарында үлкен жастағы балалардың жүруіне шектеу қойып, қауіпсіздікті күшейту керектігін жазуда. «Бір әткеншек үшін 14-16 жастағылар мен 2-3 жасар балалар таласып жүреді», «Үлкендерге бөлек, кішкентайларға бөлек әткеншек керек» деген пікірлер де айтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары