Ал оның жүрегі жараланғаны үшін тәртіп сақшылары ештеңе айтқан жоқ.
Желі қолданушыларының кейбірі махаббат іздеген болып көрінетін алаяқтардың құрбанына айналып жатады. Нәтижесінде — жараланған жүрек пен бос қалта, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мәселен, Астана тұрғыны интернет арқылы хат алмасқан адамға сеніп, 9 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылған.
Әйелдің ақшасын қайтарып алуы мүмкін бе — бұл туралы ІІМ нақтыламады.
Ал оның жүрегі жараланғаны үшін тәртіп сақшылары ештеңе айтқан жоқ.
Полиция виртуалды жүрекжұтқыштардың ең жиі кездесетін белгілерін атады: тым тез сезімін білдіру; бейнеқоңырауға немесе кездесуге келіспеу; аянышты жағдайын айтып, қысым жасау; ақша аударуды, құжаттар немесе құнды заттар жіберуді сұрау.