$ 541.93  636.71  6.83

«Халықтың сенімі – әмиян да, бренд те емес. Бұл – аманат»: прокурор Перизат Қайрат жайлы айтты

Перизат қайырымдылықты бетперде етіп, халықтың сенімінен пайда тапқан.

 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Садақа — мансаптың баспалдағы емес: 

Бүгін сотта прокурор Мәдина Оразалина сөз сөйледі. Ол Перизат Қайрат ісі — жай ғана алаяқтық оқиғасы емес, «аманат, адалдық, қайырымдылық сияқты қасиетті ұғымдарды сату» екенін айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

– Бүгін біз қоғамға белгілі Қайрат Перизат пен оның анасы Алашбаева Гайниге қатысты қылмыстық істің сот тергеуін қорытындылап отырмыз. Бүгінгі сөзімді «Ізгіліктің бетпердесі» деп атағым келді. Әуелі қазақ халқына – ұлы жомарттық пен ар-ождан иесі халыққа алғысымды білдіргім келеді, – деді прокурор.

Оның айтуынша, Перизат Қайрат қайырымдылықты бетперде етіп, халықтың сенімінен пайда тапқан.

– Енді «қайырымдылық» деген сөзді өз пайдасы үшін қалқан еткісі келетін әр адам біліп жүрсін: халық үнсіз қалмайды, мемлекет көз жұмбайды, ал сенім – шексіз емес, – деді ол.

Сөзін ол қатқыл үндеумен аяқтады:

– Садақа – мансаптың құралы емес. Халықтың сенімі – әмиян да, бренд те емес. Бұл – аманат. Ал аманатты сатқан адам мәңгілікке әшкере болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 80
Ұнамайды 2
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары