22.07.2025, 14:00

«Күйеуің алқаш, лудоман болса да бірге тұрған дұрыс»: Белгілі коучтың әйелдерге үндеуі желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Фото: balbal.kz

Алтын басты әйелден, бақыр басты еркек артық.

Есімі қазақстандықтарға блогер, коуч, бизнес тәлімгер деген атақпен таныс Нұрлан Жанайдың әйелдерге қарата айтқан сөзі желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Медиамаман бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Алтын басты әйелден, бақыр басты еркек артық. Бұл менің сөзім емес, атам қазақтың сөзі. Еркегіңіз қанша жерден жаман болсын, ақша таппай үйде жатсын, ол лудоман, алқаш болсын оның тірі жүргені сізге пайдалы негізі. Көп әйелдер соңғы кезде еркектерінің кемшілігін теріп, оларды аңдимын деп нешетүрлі былықтарын ашып, еркексіз қалып жатыр. Жалғыз балаларды асыраймын деп, оларға дұрыс тәрбие бере алмай жүрген әйелдер көп. Еркек қанша оңбаған болсын, нашар адам болсын бәрібір еркек үйде жүргені абзал", - деді ол.