Мұндай белгі жалған паспорт жасаудың жолын кесуге көмектеседі.
Бұл жайлы Ішкі істер министрінің орынбасары Бауыржан Аленов мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, жаңа үлгідегі паспортта құжат нөмірінің астына қар барысының бейнесі қойылады.
Бұл шешім жалған құжат жасауды қиындатып, азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.