Прокуратура бұл мүліктер жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу үшін мемлекет пайдасына тәркіленбек деп мәлімдеді.
Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты атышулы қылмыстық іс сотта жаңа мәліметтермен жалғасуда. Бүгін прокурор олардың мүлкін тәркілеу туралы талаптарын жария етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тәркіленбек мүліктердің қатарында бірнеше люкс көлік бар: Mercedes Benz S450, Lexus LX 600, Haval H6 GT және Mercedes Benz Iq 500. Сонымен қатар Астананың элиталық аудандарындағы бірнеше пәтер мен жер телімдері де тәркіленбек: «Vela Village» коттеджі мен жері, «Akbulak Riviera», «Sensata Group», «Көк Жайлау», «Highvill Gold Ishim» тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер, осы кешендердегі бірнеше паркинг орындары.
Бұған қоса, Перизат Қайраттың 46,7 миллион теңге берешегі және Қазақстан үстел теннисі федерациясының есепшотында жатқан 10 миллион теңге де тәркіленбек.
Прокурор сонымен бірге Rebel Flowers компаниясының 100 пайыздық үлесін, сәнді сөмкелер, әшекейлер, аяқ киімдер мен басқа да люкс бұйымдарды, қайырымдылық қоры мен гүл дүкені шоттарындағы және жеке шоттардағы қаражатты да алып қоюды сұрады.
Прокуратура бұл мүліктер жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу үшін мемлекет пайдасына тәркіленбек деп мәлімдеді.