$ 541.93  636.71  6.83

«Оны үлкен қылмыс деп есептемеймін»: Мұхамеджан Тазабек неліктен өлеңдеріне орысша қосатынын айтты (ВИДЕО)

Абайдың өзі кейбір сөздер дұрыс түсіну үшін өзінің өлеңіне де, қара сөзіне де орыс тіліндегі сөздерді қолданған.

Мұхаммеджан Тазабек өз сөздеріне не себепті орысша сөздер қосатынын айтып берді. Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

”Мен негізінен қосып сөйлемеуге тырысамын. Бірақ орыс тілді аудитория да маған махаббаты оянып, жаныма жақындап жатыр. Кейбір құндылық соларға жеңіл жетсін деп орысша сөздерді қолданамын. Бірақ мен оны үлкен қылмыс деп есептемеймін. Себебі, ондай қылмыс басынан асып жатқандар көп. Жалпы айналып келгенде қоғам сені мәжбүрлейді. Сұраныс сені мәжбүрлейді. Мен Абай дәстүрін ұстанатын адаммын. Абайдың өзі кейбір сөздер дұрыс түсіну үшін өзінің өлеңіне де, қара сөзіне де орыс тіліндегі сөздерді қолданған”, — деді Мұхаммеджан Тазабек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 3
Күлкілі 4
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары