$ 544.87  639.02  6.88

«Мойнынан сүйіп, кеудесінен ұстаған»: Астана тұрғыны кішкентай қыздарға шабуыл жасаған

Қор мәліметінше, қыздар дүкеннен қайтып келе жатқанда мас күйдегі ер адам тиіскен.

Фото: «НеМолчи.kz» қоры
Фото: «НеМолчи.kz» қоры

Астанада 12 және 2 жастағы екі қызға ер адам шабуыл жасады. Оларды сүйіп, денелерінен ұстап, жерге құлатқан. Қыздарды көршілер аман алып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елордалық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Оқиға туралы алғаш болып «НеМолчи.kz» қоры хабарлады. Қор мәліметінше, қыздар дүкеннен қайтып келе жатқанда мас күйдегі ер адам тиіскен.

«Беймәлім ер адам үлкен қыздың қолынан тартып, мойнынан сүйіп, кеудесінен ұстаған. Қарсылық көрсеткенде, қызды жерге құлатып, артынша кішкентайын да жерге жыққан. Қыз айқайлап, сіңлісін алып, қашып құтылған», – делінген жазбада.

Қыздар подъезге жүгіріп барып, көмек сұраған. Көршілер шабуылдаушыны ұстап, полиция келгенше жібермей қойған.

Полиция оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын, ер адамның әрекетіне құқықтық баға тексеруден кейін берілетінін хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары