$ 541.93  636.71  6.83

Ұлытауда сот төрағасы ұсталды

Ұстау операциясын бұрынғы Антикордың орнына құрылған жаңа қызмет пен Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметі бірлесіп жүргізген.

Фото: Ұлытау облыстық сотының баспасөз қызметі
Фото: Ұлытау облыстық сотының баспасөз қызметі

Ұлытауда сот төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу деректері жария етуге жатпайды», деп жауап берді ҰҚК  
Orda.kz-тің ресми сауалына.

Осылайша, ҰҚК өңірлік сот алқасының төрағасы Қанат Шайқамаловқа қатысты қылмыстық іс барын жанама түрде растады.

Бұған дейін жоғары лауазымды судьяның ұсталғаны туралы ақпаратты БАҚ өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлаған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, Жезқазғанда оған адвокат арқылы 15 миллион теңге берілген, кейін бұл ақшаның бір бөлігі тәркіленген.

Ұстау операциясын бұрынғы Антикордың орнына құрылған жаңа қызмет пен Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметі бірлесіп жүргізген.

Қанат Шайқамалов 2022 жылғы 5 желтоқсанда сот алқасының төрағасы болып тағайындалған. Ол 1968 жылы Қарағандыда туған. Еңбек жолын құрылысшы және автослесарь болып бастаған, кейін прокуратура органдарына қызметке орналасып, одан сот жүйесіне ауысып, мансап жасаған.

Бұған дейін де Ақмола облысының мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталған еді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары