Оқиға орнында полицейлер, ТКШ бөлімінің қызметкерлері және апаттық бригада жұмыс істеуде.
Екібастұзда УАК дүкені маңында гидросынақтар кезінде жылу құбырында жарылыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әкімдіктің хабарлауынша, асфальттың көтерілуінен сегіз автокөлік зақымдалды.
Зардап шеккендер жоқ.
«Зардап шеккен мүлік иелері «Екібастұз жылу желілері» ЖШС-ге жүгінуі тиіс. Шығынды өтеу үшін тәуелсіз сараптаманың қорытындысы қажет», — деп мәлімдеді Екібастұз әкімдігі.
Оқиға орнында полицейлер, ТКШ бөлімінің қызметкерлері және апаттық бригада жұмыс істеуде.