$ 539.38  629.46  6.76

Жерде соңғы екі айдағы ең қуатты магниттік дауыл күтілуде

Ғалымдар Жерде алдағы тәулікте қуатты магниттік дауыл болатынын ескертті.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Дауыл соңғы екі айдағы ең ауқымды геомагниттік құбылыс болмақ. Мамандардың айтуынша, бұған күндегі ірі жарылыс себеп болған, деп хабарлайды Ресей Ғылым академиясының Жер маңындағы ғарыштық процестерді зерттейтін зертханасы, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

5 тамыз күні Күн бетінде екі қуатты М класты жарылыс тіркелді. Олардың бірі 12 минутқа созылған, бұл соңғы бір жарым айдағы ең қарқынды жарылыс саналады. Нәтижесінде плазмалық бұлт пайда болып, оның соққысы Жердің магнит өрісіне бағытталды.

Алғашында ғалымдар бұл плазма Жерге жетпейді деп болжаған. Алайда оның бағыты өзгеріп, геомагниттік ауытқулардың күшеюіне әкелуі мүмкін.

«Қазіргі болжам бойынша, плазманың Жерге жетуі 8 тамыз күні, Мәскеу уақытымен таңғы 7-де күтіліп отыр», — делінген. Зертхана сайтында жарияланған хабарламада.

Мамандардың мәліметінше, егер плазма бұлты бағытын 3-5 градусқа өзгертсе, Жер магнит өрісіне соқпай өтуі мүмкін. Ал бағыт керісінше жағдайда өзгерсе, дағдарыс одан да күштірек болады. Бұл сценарийдің жүзеге асу ықтималдығы 5 пайыз деп бағаланып отыр.

Соңғы рет осындай геомагниттік белсенділік 13 маусымда тіркелген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары