$ 538.03  629.23  6.74

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 33 триллион 534 миллиард теңгеге жетті

Ішкі қарыз – 23 794,0 миллиард теңге (73,9%),

Фото: canva.com
Фото: canva.com

2025 жылдың шілде айындағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 33 триллион 534,3 миллиард теңге, яғни 64 440,6 миллион долларға жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл көрсеткіш жалпы ішкі өнім өсімінің 22,2%-ы болды. Мемлекеттік қарыздың ішінде, үкіметтік қарыз 32 191,7 миллиард теңге (61 860,7 миллион доллар) немесе мемлекеттік қарыздың жалпы көлемінің 96,0%-ға тең.

Үкіметтік қарыздың құрылымы:

  1. Ішкі қарыз – 23 794,0 миллиард теңге (73,9%),
  2. Сыртқы қарыз – 8 397,7 миллиард теңге (26,1%).

Жергілікті атқарушы органдардың өзге несие берушілер алдындағы қарыз портфелі шамамен 1 342,5 миллиард теңге (2 579,9 миллион доллар), мемлекеттік қарыздың жалпы көлемінің 4,0%-ын құрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары