$ 540.87  632.01  6.76

Атырауда атыс болып фельдшер қаза тапты

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға досының тойында басталған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қайғылы оқиға 17 тамызға қараған түні Атырауда болды. Қарулы жанжал кезінде 23 жастағы фельдшер қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Atyrau OIL телеграм-каналына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға досының тойында басталған. Кейін бірнеше адамның арасында төбелес шыққан. Достары жағдайды реттеуге көмектессін деп фельдшерді шақырған, алайда жанжал басылмай, қақтығыс барысында оқ атылған. Оқ фельдшерге тиіп, жас жігіт оқиға орнында көз жұмған.

Атырау облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша күдіктілер ұсталып, қамауға алынғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта аталған іс Қылмыстық кодекстің „Адам өлтіру“ бабымен тергелуде. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», — деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары