$ 540  630.72  6.72

Атырауда 23 жастағы фельдшерге оқ атылып, қаза тапты

Сондай-ақ “Адам өлтіру” бабы бойынша қозғалып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

Атырауда 17 тамыз күні той кезінде төбелес болып, салдарына 23 жастағы фельдшер жігіт мерт болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Atyrau Online Telegram арнасының мәліметінше, той кезінде бірнеше адамның арасында жанжал туып, соңы төбелеске ұласқан. Қатысушылардың бірі жағдайды реттеуге көмектесу үшін фельдшер досын шақырады. Алайда ол келгенімен, жанжал басылмаған. Ерегіс кезінде оқ атылып, салдарынан жігіт оқиға орнында көз жұмды.

“Болған іске қатысы бар адамдардың бәрі ұсталып, қамауға алынды”, – деп мәлімдеді Атырау облысының департаменті. 

Сондай-ақ “Адам өлтіру” бабы бойынша қозғалып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары