Оларды бортта дәрігерлер бригадасы бірге алып жүр.
Үржарда болған жол апатынан зардап шеккен екі бала Астанаға жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Абай облысының Үржар ауданынан санитарлық авиацияның борты жол апатынан зардап шеккен екі баланы Астанаға тасымалдау үшін ұшып шықты, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Балаларды Астана қаласындағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына госпитализациялау туралы шешім қабылданды.
Оларды бортта дәрігерлер бригадасы бірге алып жүр.
Оқиға орнында аудандық ауруханада облыстық және республикалық деңгейдегі мамандардан құралған мультидисциплинарлық топ зардап шеккендерге толық диагностикалық тексеру жүргізіп, жағдайын бағалап, ота жасау жоспарын құрды.
Сонымен қатар, жағдайының тұрақсыз болуына байланысты науқастардың бірі – тоғыз жасар қыз Абай облысының бас штаттан тыс анестезиолог-реаниматологы Д. Каримовтың бақылауымен жағдайы тұрақталғанға дейін стационарда қалдырылды.