$ 538.33  626.99  6.71

«Келініме лүпіл ғана баспай, басқа да әрекеттерге барды:» Ернар Жиембайдың әкесі соттан кейін пікір білдірді

"Бұл ойдан құрастырылған нәрсе емес, расымен болған жайт". 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Руслан Берденовке қастандық жасағаны үшін сотталған Ернар Жиенбайдың әкесі үкімнен кейін пікір білдіріп, тергеу мен сот процесіне қатысты шағымын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жиенбай Пралиевтің айтуынша, тергеу жұмыстары біржақты жүргізілген.

«Руслан Берденов шектен шығып кетті. Келінім – сыйлы әулеттен шыққан қыз. Ал Берденов оған әлеуметтік желіде лүпіл басып, түрлі әрекеттерге барды. Бұл ойдан құрастырылған нәрсе емес, расымен болған жайт. Саяси қызметтегі адамның “сен” деп сөйлегені, ұлыма “шашың түсіп қалған, үстіңдегі киімің нашар” деген сөздер айтқаны бар», – деді ол.

Пралиевтің сөзінше, сот кезінде ұлына келініне қатысты ештеңе қозғамауды өтінген.

«Мен ұлыма: “Келін туралы айтпа, жанын жараламайық” дедім. Сондықтан көп нәрсе жария болған жоқ. Барлық мәселені “лүпілге” тіреп қойды. Бірақ басқа да жайттар болды, оларды ашып айта алмаймын. Сот процесінде дәлелденген кейбір фактілер БАҚ-та көрсетілмеді. Тергеу әділ өтпеді», – деді ол.

Сонымен қатар, ол сот барысында маңызды айғақтардың ескерусіз қалғанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары