$ 538.33  626.99  6.71

Ақмола облысында 2 балаға найзағай соғып, біреуі қаза тапты

Оқиға орнына шұғыл қызметтер дереу жетті.

Фото: unsplash
Фото: unsplash

Біржан Сал ауданына қарасты Үлгі ауылында найзағай соғуы салдарынан екі бала зардап шекті. Өкінішке қарай, бірі оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 20 тамызда орын алған.

"Біржан Сал ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері 2015 жылы туған баланың қайтыс болуы және 2010 жылы туған тағы бір баланың жарақат алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, балалар Біржан Сал ауданына қарасты Үлгі ауылында найзағай соғуы салдарынан зардап шеккен. Оқиға орнына шұғыл қызметтер дереу жетті. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтап, барлық қажетті ақпаратты жинақтауда", - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары