Рейд кезінде кәмелет жасына толмаған 8 жасөспірім анықталды.
Астананың прокуратурасы арнайы рейд кезінде қоғамдық орын, автобус пен саябақтарды аралап, жәшікке ақша жинап жүретін 8 баланы анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Рейд кезінде кәмелет жасына толмаған 8 жасөспірім анықталды. Жас аралығы – 15-17 жас. Олармен еш шарт жасаспаған үш қайырымдылық қоры оларды ерікті ретінде жұмысқа тартқан. Бұл Әкімшілік құқық бұзу фактілері туралы кодекстің 86-бабының 3-бөлігін бұзады», - деп хабарлайды прокуратура.
Ең сорақысы, осы үш қор «қайырымдылық» деген жалаумен 340 млн теңге жинап алған, бірақ, ақшаны басқа мақсаттарға қолданған.