$ 537.34  623.05  6.65

Оқиға орнында көз жұмды: Ақмола облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Аталмыш тасжолда «Москвич-412» және Hyundai Mafiас автокөліктері соқтығысқан.

Фото: drive2.ru
Фото: drive2.ru

Көкшетау – Атбасар тасжолында 21 тамыз күні күндіз болған жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға сағат 13:35 шамасында, Максимовка ауылы маңындағы тасжолдың 115-шақырымында болған.

Аталмыш тасжолда «Москвич-412» және Hyundai Mafiас автокөліктері соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы кезінде «Москвичтің» жүргізушісі мен бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушысы, сондай-ақ Hyundai жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді», – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Қазіргі уақытта жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 6
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары