$ 537.34  623.05  6.65

Алматы көшесінде бір топ ер адам түнгі уақытта бәйге ұйымдастырған (ВИДЕО)

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай бұл көшеде алғаш рет емес.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматыда бірнеше ер адам түн ішінде қала орталығында атпен шауып, бәйге ұйымдастырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан түнгі уақытта бір топ адамның ат мініп жүргенін көруге болады. Кейінірек оқиғаның Медеу ауданындағы Төлебаев көшесінде болғаны белгілі болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай бұл көшеде алғаш рет емес.

Жағдайға байланысты Алматы полициясы шара қабылдады. Құқық қорғаушылар тәртіп бұзған азаматтарды анықтап, ұстаған. Олар жануарларды күтіп-ұстау ережесін бұзғаны және түнгі тыныштықты сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, ат иелерімен түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары