$ 537.34  623.05  6.65

Атақты «Фантазёр» әнінің орындаушысы дүниеден өтті

Әнші ұзақ жылдар бойы ауыр дертпен күресіп, соңғы уақытта Италияда ем қабылдаған.

Фото: oxu.az
Фото: oxu.az

Аты аңызға айналған «Фантазёр» әнінің авторы Ярослав Евдокимов 78 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші ұзақ жылдар бойы ауыр дертпен күресіп, соңғы уақытта Италияда ем қабылдаған.

SHOT басылымының мәліметінше, өнер иесінің қазасына ұзаққа созылған сырқаты себеп болған. Ярослав Евдокимовтың ресми қауымдастығы оған қолдау білдірген жанкүйерлерге алғыс айтты.

«Қымбатты достар, жылы сөздеріңіз бен тілектеріңіз Ярославқа әрдайым қуат берді. Оның орындаған көптеген әдемі әндері – оның мәнді де мазмұнды өмір сүргенінің айғағы», – делінген жазбада.

Евдокимов 1980–1990 жылдары кеңес эстрадасының ең жарқын жұлдыздарының бірі саналды. Оның әндері тыңдармандардың жүрегінен орын алып, кеңестік музыканың алтын қорына енген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары