Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі сот шешімі күшіне енгенін растады.
Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен сотталған Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасалды. Ол қылмысты жасырғаны үшін істі болған еді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі сот шешімі күшіне енгенін растады. Алайда Байжановтың нақты қашан босатылатыны хабарланған жоқ.
Астана полициясының хабарлауынша, Бақытжан Байжанов 2023 жылғы 12 қарашасында қамауға алынған. Сол уақыттан бастап 2024 жылдың шілдесіне дейін ол уақытша ұстау изоляторында отырды, ондағы бір күн түзеу мекемесіндегі 1,5 тәулік болып есептеледі. Рақымшылыққа сәйкес, Байжановтың мерзімі шамамен 8 айға қысқартылуы мүмкін. Осылайша Қуандық Бишімбаевтың туысы шамамен 2026 жылдың қазан айында бостандыққа шығуы мүмкін.
Еске салсақ, Астанадағы Bau мейрамханасында әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаев 2024 жылғы 13 мамырда 24 жылға сотталды.