$ 537.34  623.05  6.65

Астанада 20-дан астам талапкер «грант беремін» деген алаяққа миллиондап алданды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Астанада 34 жастағы ер адам 20-дан астам талапкерді «грант алып беремін» деп алдап, ірі көлемде ақша жымқырғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Күдікті өзін таныстары арқылы сенімді етіп көрсетіп, магистратура мен бакалавриатқа «қамтамасыз етемін» деп уәде берген. Телефон арқылы кеңес беріп, оқуға түсуді «кепілдеп», ірі сомада ақша талап еткен.

Тергеу дерегінше, жәбірленушілердің бірі оған магистратураға «гарантталған» грант үшін 1 миллион теңге берген. Қаражатты алған соң күдікті ізін суытқан.

Полицейлер оның жеке басын анықтап, қазір қамауға алды. Қылмыстық іс қозғалды.

ІІМ мемлекеттік гранттар тек конкурс арқылы берілетінін еске салды. Заңсыз жолмен «грант сатып алуға» тырысқан әрекеттер азаматтарды қаржылық шығынға ұшыратып қана қоймай, қылмыстық жауапкершілікке де әкеледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары