$ 538.54  628.31  6.7

Бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды

Іздеу шараларын прокуратураның тапсырмасымен Алматы Полиция департаментінің Алмалы аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

Фото: t.me/
Фото: t.me/

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі порталының дерегінше, іздеу ісі 29 тамызда Алматы қаласының Алмалы ауданында тіркелген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Іздеу шараларын прокуратураның тапсырмасымен Алматы Полиция департаментінің Алмалы аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

Мақсат Дүйсенов 1973 жылы туған. Бұған дейін ІІМ тергеу және басқару саласында, Қаржы полициясында, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жұмыс істеген.

Ол 2018 жылдың тамызынан 2019 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасының бас көлік прокуроры қызметін атқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары