$ 537.91  628.87  6.6

«Есеп сұрап едік, жағамыздан алды»: Бағдагүл сынықшы мен Ырысбала Икрамбай арасындағы дау өршіді

Мен айтсам ашық айтамын, халық біледі.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Бағдагүл сынықшы әлеуметтік желідегі парақшасында блогер Ырысбала Икрамбайға тағы да жауап беріп, оны ашық есеп беруге шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін Ырысбала Икрамбай өз жазбасында сынықшыға анасымен жасты әйел болғандықтан жауап қатпай жүргенін айтқан еді. Бағдагүл бұл пікірге жауап ретінде:

«Сезікті секіреді деп Ырысбаладан есеп сұрап едік, жағамыздан алды. Мен айтсам ашық айтамын, халық біледі. Сен бірінші үлгі ал. Мен сенің шешеңдей емеспін, қатармын. Көрінгеннің бетін жыртқанша, есеп бер. Перизат Қайратты қалай тексерді – сені де тексеру керек. Зәулім сарайды қалай, қай ақшаға салдың, соның бәрін айт. Мен де кез келген сұраққа жауап беремін, ешкімнен артық ақша алған емеспін», – деді ол.

Сондай-ақ, ақтөбелік емші қайырымдылық қорларының барлығын тексеру қажеттігін де атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 3
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары