$ 537.91  628.87  6.6

Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды азаптап, ақша бопсалаған (ВИДЕО)

Әйелдердің бірі жасөспірімнің жігітіне жазғанын біліп, өш алмақ болған.
 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматы облысында 16 жастағы қызға қатысты жантүршігерлік қылмыс ашылды. Екі әйел жасөспірімді алдап әкетіп, қорлап, азаптап, бейнежазбаға түсірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жәбірленушінің анасыны:
«Қызымды қаншама қорлағанын естігенде есімнен танып қала жаздадым. Олар ұрып-соғып, денесін күйдіріп, бейнежазбаға түсіріп, үш миллион теңге сұраған»

Тергеу дерегінше, күдіктілер жасөспірімді қол-аяғын сүйгізуге мәжбүрлеп, суға батырған. Кейін осы сәттердің бәрін бопсалау құралына айналдырып, ақша талап еткен.

Облыстық полиция департаменті:
«Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», –

Белгілі болғандай, қылмысқа қызғаныш себеп болған. Әйелдердің бірі жасөспірімнің жігітіне жазғанын біліп, өш алмақ болған.

Құзырлы органдар бұл істі ерекше бақылауға алғанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары