$ 540.05  629.16  6.65

Перизат Қайраттың тәркіленген мүлкі аукционға шығарылатын болды

Қаражат зардап шегуші тарапқа келтірілген зиянның орнын толтыруға беріледі.

Коллаж: azattyq.ruhy
Коллаж: azattyq.ruhy

Қайырымдылық қаржысын жымқырды деп сотталған Перизат Қайраттың мүлкі аукционға шығарылатын болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.

Айтуынша, аукционнан алынған қаражат зардап шегуші тарапқа келтірілген зиянның орнын толтыруға беріледі.

Сот үкіміне сәйкес мүлікті сот орындаушысы тәркілейді, ол аукционға шығарылып, сатылады және түскен қаражат есебінен жәбірленуші тараптың шығыны өтеледі, – деп атап өтті Елемесов Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.

Яғни мүлікті іске асыру процесі толық бақылауда, ал одан түскен қаражат тек қана жәбірленушілердің өтемақысын өтеуге жұмсалады.

Айта кетейік, бұған дейін Перизат Қайрат 10 жылға, ал анасы 7 жылға сотталды. 

Бас прокуратураның мәліметінше Перизат Қайрат пен анасы 3,5 млрд теңгені заңсыз иемденген. 

Сондай-ақ, Перизат Қайрат пен анасы 51 адамға 1,5 млрд теңге өтеуге міндеттелді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары