$ 537.91  628.87  6.6

Самосвал ГАЗельді таптап өтті: Ақтаудағы жол апаты жұртты шошытты

Маңғыстау облыстық полиция департаменті жол апаты болғанын растады. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Ақтаудан Мұнайлы ауданына баратын трассада Shacman маркалы жүк көлігі «ГАЗельмен» соқтығысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Күшті соққыдан ГАЗельдің алдыңғы бөлігі бүктеліп қалған. Желіде тараған видеодан өтіп бара жатқан адамдар мен жүргізушілердің қираған есікті ашып, кабинада қысылып қалған жүргізушіні шығаруға тырысқанын көруге болады.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті жол апаты болғанын растады. Абырой болғанда, ешкім жарақат алмаған. Дегенмен, Shacman жүргізушісі кінәлі деп танылып, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары