$ 537.91  628.87  6.6

«Қалыңдық кетіп қалған»: Жас жұбайлардың тойдағы биі жанжалға ұласты (ВИДЕО)

Видео қазір миллионға жуық қаралым жинап үлгерген.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде кезекті тойдағы қызық оқиға талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеодан байқағандай, жас жұбайлар ортаға шығып би билеп жатқан. Осы сәтте тамада күйеу жігітке қалыңдығын көтеру керек дегендей ишара білдірген. Алайда қалыңдық оған қарсы болып, жігітін жолатпай, тойдан кетіп қалған.

Бұл жағдай желі қолданушылары арасында екі түрлі пікір тудырды: бірі қалыңдықтың әрекетін құптаса, енді бірі жас жұбайлардың мұндай қылығы ыңғайсыз болды деп сынады. Видео қазір миллионға жуық қаралым жинап үлгерген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 6
Күлкілі 4
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары