$ 535.13  627.44  6.52

Тобыл өзенінде 2 адам мінген қайықты ағыс ағызып әкетті

ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Оқыс оқиға Қостанай облысының Майлин ауданы Береговое ауылы маңында болған. ТЖМ құтқарушылары Тобыл өзенінде ағыс алып кеткен қайықтағы адамдарға көмек көрсетті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қысқа мерзімде шақырту бойынша оқиға орнына келген құтқарушылар қайықпен ер адам мен әйел отырған үрлемелі серфингке арналған сапборд тақтасына жетіп, оларды жағаға аман-есен жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ", – делінген хабарламада.

ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Ауа-райы жағдайын ескеру және мүмкіндігінше мұқият болу маңызды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары