$ 536.76  630.85  6.45

Жасанды интеллект – экономиканы дамытудың жаңа тетігі

Биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – экономиканы жаңғыртып, халықтың әл-ауқатын арттыру.

Фото: Мәжіліс
Фото: Мәжіліс

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында жасанды интеллектіні дамытуға ерекше назар аударды. Осыған орай Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Депутаттың айтуынша, биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – экономиканы жаңғыртып, халықтың әл-ауқатын арттыру. Ол жасанды интеллект мәселесі Парламент деңгейінде белсенді талқыланып жатқанын атап өтті.

«Президентіміз жолдауында жасанды интеллект тақырыбын көтеріп отыр. Бұл өте маңызды. Қазір Мәжілісте жасанды интеллект туралы заң жобасын бір жылға жуық уақыт бойы талқылап келеміз. Депутаттардың бастамасымен әзірленген бұл жоба қоғамды жаңа деңгейге көтереді. Жасанды интеллект өнеркәсіпте де, ауыл шаруашылығында да, жалпы барлық салада қолданыста болуы тиіс. Өйткені заман талабы осы», – деді Нұртай Сабильянов.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары