Бұл туралы Мәжілісте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Абылқасымова мәлімдеді.
Қазақстанның төрт банкі мемлекетке 1,3 трлн теңге қарыз екені белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
АҚ «Еуразиялық банк» – 150 млрд теңге;
АҚ «Bank RBK» – 176,8 млрд теңге;
«Alatau City Bank» – 950,2 млрд теңге;
АҚ «Nurbank» – 46,8 млрд теңге.
Бұл туралы Мәжілісте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Абылқасымова мәлімдеді.
Бүгін депутаттар «Банктер және банк қызметі туралы» және «Қаржы нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын талқылап жатыр.
Заңға енгізілетін бір өзгеріске сәйкес, мемлекет тек жүйелі маңызды банктерге ғана қолдау көрсететін болады және ол тек шұғыл жағдайларда жүзеге асады.
Мемлекеттің банкке көрсететін бірден-бір формасы – банк капиталына тікелей қатысу арқылы қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау. Бұл процесс акционерлер мен басшылықты ауыстыру, дивидендтер мен бонустар төлеуге тыйым салу, сондай-ақ тәуекелді операцияларды шектеуді қамтиды. Банк тұрақтылығын қалпына келтіргеннен кейін оны жаңа инвесторға сатуға және қаражатты бюджеттің есебіне қайтаруға міндетті болады.