Марқұмның отбасына әскерилер оның өзіне қол жұмсағанын хабарлаған.
Жамбыл облысы, Мәттібұлақ ауылындағы №01098 әскери бөлімінде сарбаздың мәйіті асылған күйінде табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Марқұмның отбасына әскерилер оның өзіне қол жұмсағанын хабарлаған.
Қаза болған жігіттің әпкесі, Шымкент қаласының тұрғыны Енлік Қалтаеваның айтуынша, өткен жылдың күзінде әскер қатарына Даниял Шынарбек шақырылса, көктемде оның егізі Дінмұхаммед те әскерге кеткен.
Бауырлар Отар гарнизонында бірге қызмет еткісі келген. Алайда ант қабылдағаннан кейін Дінмұхаммедті кенеттен №01098 әскери бөліміне ауыстырып, егіздерді екіге айырған.
Кеше кешкісін отбасы ауыр хабар алды: Дінмұхаммед асылған күйінде табылған.
– 29 тамызда 19 жасқа толды, – дейді Енлік. – Еңбекқор, мейірімді, болашағына үмітпен қараған жігіт еді… Біз бұл жағдайға сене алмай отырмыз. Ол әскергеОтбасымызбен бірге Президентке жүгініп, Дінмұхаммедіміздің қазасын әділ тергеуді талап етеміз.