Енді кез келген азамат көліктің VIN-кодын енгізу арқылы мынадай деректерді көре алады: тіркеу тарихы, арест пен кепілдің бар-жоғы, айыппұлдар, кедендік рәсімдеу, утилизациялық алым, техникалық паспорттар.
Қазақстанда енді көліктің «құпиясын» ашу оңай. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы ХҚКО мобильді қосымшасына «Авто тарихы» атты жаңа қызмет қосты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Енді кез келген азамат көліктің VIN-кодын енгізу арқылы мынадай деректерді көре алады: тіркеу тарихы, арест пен кепілдің бар-жоғы, айыппұлдар, кедендік рәсімдеу, утилизациялық алым, техникалық паспорттар.
Қызмет ақылы: бір тексеру – 500 теңге. Жиі пайдаланатындар үшін топтамалар да бар: 10 тексеру – 4 500 теңге, 20 тексеру – 8 000 теңге. Бұл жүйе мемлекеттік дерекқорлар негізінде нақты уақыт режимінде жұмыс істейді. Яғни, алаяқтарға алданып қалмау үшін көлік сатып алар алдында «Авто тарихын» ашып көру жеткілікті.