$ 542.67  638.89  6.51

Министр етті базардан қаншаға алатынын айтты

Шаққалиевтің айтуынша, ет бағасы сауда алаңына қарай өзгереді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев сиыр етінің бағасына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, ол өткен аптада «Сауран» базарынан 4,2 мың теңгеге сиыр етінің жаясын сатып алған. Министр мұны журналистерге мысал ретінде келтіріп, «Сауран ең арзан жер емес» деп атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бүгін де көтерме базарда 5 мың теңгеден төмен бағаға еттің жекелеген бөліктерін алуға болады. Бұған қоса, суп-набор қосып аласыз. Таза жаяны ешкім жеке жемейді. Бұл – қалыпты нәрсе», – деді ол.

Шаққалиевтің айтуынша, ет бағасы сауда алаңына қарай өзгереді. Мәселен, интернет-дүкенде дайындалған ет 5,7 мың теңгеге сатылса, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне кіретін грудинно-лопаточная бөлігі 3–3,7 мың теңге шамасында тұрады. «Негізгі міндет – осы еттің жеткілікті болуын қамтамасыз ету. Баға сіздің қаржылық мүмкіндігіңіз бен талғамыңызға байланысты өзгеріп тұрады», – деп түсіндірді министр.

Ал Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бұл сұраққа қысқа жауап берді: «Етті бізде әйелім алады. Бағасы шамамен 4 мың теңге».

Айта кетейік, бұған дейін Арман Шаққалиев сиыр етінің 23%-ға қымбаттауы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қымбаттауына басты себеп болғанын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары