$ 542.67  638.89  6.51

Қарағандыда биыл ғана салынған жол қақ айрылып жатыр: халық жемқорлықты ашық әшкереледі

Желі қолданушылары мұны «жемқорлардың қалтасына кеткен халықтың маңдай тер ақшасы» деп бағалап, жауаптыларды сынға алды.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қарағанды қаласындағы Күнгей ықшам ауданында биыл ғана төселген жолдың сапасы әлеуметтік желіде үлкен дау туғызды. Тұрғындар түсірген видеоларда асфальттың қақ айрылып, ойылып жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Шапкамызды аспанға атып қуанған едік, қақпай жатып жол қопарылып жатыр», – дейді жергілікті тұрғындар. Айтуларынша, ыстықтай құйылған асфальт жолдың шетіне төгіліп, қатып қалған.

Желі қолданушылары мұны «жемқорлардың қалтасына кеткен халықтың маңдай тер ақшасы» деп бағалап, жауаптыларды сынға алды. «Қайран суға кеткен миллиардтар! Екі қолды қалтаға салып жүргендер елді ойламайды», – деген ашулы пікірлер тарауда.

Тұрғындар Қарағанды облысының әкімдігі мен қалалық әкімдіктен шұғыл шара қабылдауды талап етіп отыр. «Егер ұяттарыңыз болса, мәселені дереу шешіңіздер!» – делінген жазбалардың бірінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары