Жігіт қызды қатты жақсы көрген, гүлін, киімін бәрін алып берген.
Қазақстандық жігіт сүйіктісімен айырылысып кеткеннен кейін оған жұмсаған ақшасын қайтарып алғысы келеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы блогер Нұрдәулет Мэлс Instagram-дағы парақшасында айтты.
«Бүгін маған бір жігіт жазады. «Бір қызбен бір жыл бойы кездесіп жүрдім. Одан кейін мені лақтырып кетті» деген сияқты. Жігіт қызды қатты жақсы көрген, гүлін, киімін бәрін алып берген. Бір жылдың ішінде ол қызға 3 миллион теңгедей ақша жұмсаған екен. «Осыны интернетке шығарайық» дейді. Сосын мен «араласпаймын, оны сотқа беріңіз. Сонда беріңіз», — деп айттым. Жігіттер, ондайға бармайық. Қыздар үшін шын жүректен бердіңдер ме, оны кері сұрамаңдар. Ол қате нәрсе, ол жігіттікке жатпайды», — деп жазды блогер.