$ 542.8  637.84  6.49

Прокурор Перизат Қайрат пен анасының қазір қайда екенін айтты

Қазір Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева Астанадағы тергеу изоляторында қамауда отыр.

Фото: Turkystan.kz
Фото: Turkystan.kz

Астана қаласы прокурорының көмекшісі Индира Жұмағалиқызы Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваның қазір айда екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Прокурордың айтуынша, қазір Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева Астанадағы тергеу изоляторында қамауда отыр.

"Сот үкімі заңды күшіне енбегендіктен, олар тергеу изоляторында қамауда. Ұстау жағдайларына қатысты жеке өзіме ешқандай шағым түскен жоқ. Олар бір мекемеде болғанымен, бөлек камераларда отыр", – деді Жұмағалиқызы.

Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, үкім заңды күшіне енген соң Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) белгіленген тәртіпке сәйкес оларды тиісті мекемелерге көшіреді.

"Қазақстанда әйелдерге арналған орташа қауіпсіздік деңгейіндегі бірқатар қылмыстық-атқару мекемелері бар. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті шешім қабылдап, оларды сол мекемелердің біріне орналастырады", – деді прокурор.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары