$ 549.06  644.87  6.66

«Ұйымдастыру – нөл, полиция жоқ, билеті барларды кіргізбеді»: «Қайрат-Реал» матчы жанкүйерлердің ашуына тиді

Билетті қыруар ақшаға сатып алған қазақстандықтардың біразы стадионға кіре алмай, сыртта қалды. 

Фото: Тhreads.com/@abdulova.a@pelle_17/Видеодан скрин
Фото: Тhreads.com/@abdulova.a@pelle_17/Видеодан скрин

30 қыркүйек күні Алматыда өткен көптен күткен “Қайрат – Реал” матчы жанкүйерлердің ашуына тиді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Билетті қыруар ақшаға сатып алған қазақстандықтардың біразы стадионға кіре алмай, сыртта қалды. 

Әлеуметтік желіде наразылық білдірген жанкүйерлер ұйымдастыру деңгейін “нөл” деп бағалады.

“Ticketon-нан билет алу үшін 4 сағат кезекте тұрдым. 150 мың теңгеге билет сатып алдым. Стадионға кірмек болып 2,5 сағат кезекте тұрып едік, бізді кіргізбей қойды. Ұйымдастыру мүлде жоқ! Халық бір-бірін итеріп, кептеліп қалды. Ұлымның дем ала алмай жатқанын көріп, хаостан шығып кеттім. Полиция ешқандай шара қолданған жоқ. Осындай ақшаға дұрыс ұйымдастыра алмағандарына ұялсын!”, – деп жазды желі қолданушысы.

Оның айтуынша, жанкүйерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы дәліздер де болмаған.

Динара есімді тағы бір жанкүйер баласы екеуіне 250 мың теңге төлеп билет сатып алғанын айтып, алайда матч күні турникетке жеткенде “стадионға ешкімді кіргізбеу туралы бұйрық болғанын” естіген.

“Қолымызда билетіміз болса да, стадионға кіре алмадық. Ал біздің орындарымызда басқа адамдар отырды. Мұндай әділетсіздікті күтпеп едім”, – деп ашынды ол.

Желі қолданушылары тәртіп сақшыларының жұмысын да сынға алды.

“Билеті бар адамдар ұзын-сонар кезекте тұрды. Полиция қызметкерлері мүлде көрінбеді. Кезекте төбелес те болды. Әрең дегенде аман шықтым”, – деп жазды тағы бір жанкүйер.

Сондай-ақ стадионда ине шаншар жер қалмағаны айтылды. Жанкүйерлер полиция қызметкерлері ақша алып кіргізді деген қауесет таратып, кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етті.

Ал кей жанкүйерлердің айтуынша, “Реал Мадрид” клубының өкілдері қосымша билет үлестірген. Үш баласымен келген жанұя “билеті жоқ адамдар стадионға кедергі болды” деп шағымданды.

“Өзін таныстырмаған бір қыз жанкүйерлерге стадионға кіру уақыты аяқталғанын айтты. Билеті жоқтар біздің алдымызды бөгеп қалды. Еріктілер билеті барларды ара-тұра тартып кіргізіп отырды. Кейін полиция келіп, есікті жауып тастады. Сөйтіп ешкімді кіргізбейміз деді. Хаос солай басталды”, – дейді куәгерлер.

Жанкүйерлер Қайрат  – Реал матчына билет сатып алып, ойынға кіре алмағанын айтып шағымдандыЖанкүйерлер Қайрат  – Реал матчына билет сатып алып, ойынға кіре алмағанын айтып шағымданды 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары