Ол дереу медициналық мекемеге жеткізілді.
Қарағандыда полицияның бір тірек пунктінде әйел адамның мәйіті анықталды. Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полицей қызметкері де болған. Ол дереу медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
— Қазіргі уақытта жағдайдың мән-жайы мен әйелдің өлім себебі анықталып жатыр. Объективті тексеру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды, сондай-ақ қызметтік тергеу тағайындалды, — делінген ведомство хабарламасында.
Облыстық полиция басшылығы істің тергелуі департамент бастығының жеке бақылауында екенін атап өтті.
— Барлық іс-әрекет мұқият тексеріліп, кінәлі тұлғалар қатаң жауапкершілікке тартылады, — деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Неғмет Исмағұлов.
Сонымен бірге департамент өкілдері азаматтарды расталмаған ақпарат таратпауға шақырып, мұндай әрекеттер тергеу барысына кедергі келтіретінін ескертті.